RU
СҚО-да кәсіпкер туған ауылына 58 млн теңгеге мектеп салып берді
Жаңалықтар Қоғам

СҚО-да кәсіпкер туған ауылына 58 млн теңгеге мектеп салып берді

Рассказать Вконтакте

СҚО-да кәсіпкер туған аулына естен кетпес сый жасады. Жомарт жан 1967 жылдан бері тұрған мектептің қабырғасын ғана қалдырып, жаңа білім ордасын салып берген. Сонымен қатар қайырымды жан ауылына балабақша, емдеу мекемесі, тұрғын үйлер салуға өз үлесін қосқан деп хабарлайды Хабар 24.

Біржан Шәймерденов. Кадр Хабар24-тен алынды

Біржан Шәймерденов. Кадр Хабар24-тен алынды

Ауылына жұртшылығына қуаныш сыйлаған кәсіпкердің есімі-Біржан Шәймерденов.

Ол 51 жыл бойы тек қырлап-сырлаудың арқасында арқасында келе жатқан мектепті бастан-аяқ қайта күрделі жөндеуден өткізіп, халықтың игілігіне берген. Ол үшін Біржан Шәймерденов қалтасынан 58 млн теңге жұмасаған.

Дайындық ауылындағы балабақша. Кадр Хабар24-тегі видеодан алынды

Дайындық ауылындағы балабақша. Кадр Хабар24-тегі видеодан алынды

Қазір ішіне жылу кіріп, қайта салынған мектепте 40-қа жуық бала білім алады. Ал мектеп жанынан спортзал салынып жатыр.

Сондай-ақ, жормат арқасында Дайындық ауылында 65 үйдің жартысы шаруашылық есебінен тұрғызылған.

Кәсіпкер қоластындағылардың ескі үйін сүріп, орнына жаңасын салып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосып берген.

Пеш жағып, су тасымайтын тұрғыдар қаладағылардан кем тұрмайтынын айтады.

Біржан Шәймерденов салып берген үйлер. Кадр Хабар24-тен алынды

Біржан Шәймерденов салып берген үйлер. Кадр Хабар24-тен алынды

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel