RU
16 жастағы қазақ баласы Олимпиада чемпионы атанды
Жаңалықтар Спорт

16 жастағы қазақ баласы Олимпиада чемпионы атанды

Рассказать Вконтакте

16 жастағы Қызыорда тумасы Диас Бахриддин Буэнос Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды. Отандасымыз каноеде есуден жеңімпаз атанған деп хабарлайды Olympic.kz.

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Іріктеу кезеңінде мәре сызығын екінші болып кескен Диас Бахриддин ширек финалда украиналық спортшыны басып озған.

Ал жартылай финалда ол венгриялық Балаза Палладаны артта қалдырды.

Финалда қазақ баласы өзбек спортшысын шаң қаптырып, алтын медальді еншіледі.

Тартысты өткен сайыста Исломжон Абдусломовтың көрсеткіші: 1:55.17 болса, Диас 1:54.66 нәтижесін көрсетіп, чемпион атанды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel