RU
Қызылорда облысында алты әкім сыбайлас жемқорлық қылмысына жол берген
Жаңалықтар Қоғам

Қызылорда облысында алты әкім сыбайлас жемқорлық қылмысына жол берген

Рассказать Вконтакте

2018 жылдың басынан бері Қызылорда облысында 6 әкім сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапқа тартылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Көрнекі фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, жыл басынан бері облыста 6 кент және ауылдық округ әкімдері жауапкершілікке тартылған.

Оның ішінде, үш ауыл әкімі пара алғаны үшін, қалған үшеу қызметтік жалғандық үшін жауапкершілікке тартылды.

Нақты айтқанда, Қазалы ауданының Басығара ауылдық округі, Шиелі ауданының Гигант ауылдық округі және Қызылорда қаласының Белкөл кенті әкімдері жер телімдерін беру үшін пара алған болса, Арал ауданының Жақсықылыш кенті және Жаңақорған ауданының Шалқия мен Төменарық елді мекендерінің әкімдері қызметтік жалғандық жасаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel