RU
Түркістан облысында жас жігіттер үш мың теңге үшін көршісін пышақтаған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркістан облысында жас жігіттер үш мың теңге үшін көршісін пышақтаған

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылының 24 жастағы екі тұрғыны көршісінің үйіне ұрлыққа түсіп, тонаған. Ал өздерін байқап қалған үй иесін пышақтаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: rueconomics.ru

Көрнекі фото: rueconomics.ru

Аудандық соттың мәліметінше, қарақшылар ұрлыққа түскен үйден асхана пышағын алып үй қожайынының кеуде тұсы мен арқасына сұғып алған. Сосын үйді әбден тінтіп, табылған үш мың теңгені қалталарына басқан. Жай кетпей жарақаттанған үй иесіне "тағы да 20 мың теңге ертеңге дейін дайындап қоюды" тапсырып кеткен.

Қазанның 7-не қараған түні болған қылмыс кезінде екеуі де алкогольді ішімдік ішкені анықталған.

Көршісін пышақтап, үйін тонаған екі жігіт екі күнге ауылдан алысқа кетіп әбден тынығып алады. Содан кейін есін жиған олардың бірі бірден қашып кеткен. Екіншісін өз үйіне келген уақытта 10 қазан күні полицейлер қолға түсірген.

"Құрықталған күдіктіге Қылмыстық кодекстің 194 бабы 2-ші бөлігі 1-2 тармақтарымен, яғни топ болып күш қолданып қорқыту, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 191 бабы 2 бөлігі 1,2,3 тармақтарымен, топтанып зорлық қолданып тонау, бөтеннің баспанасына кіру бойынша айып тағылған. Тергеу кезінде күдікті қамауда болады немесе 6 млн теңге кепіл төлеп бостандыққа шығуына мүмкіндігі бар", - деп хабарлайды Бәйдібек аудандық сотының судьясы Сапаралы Байтенов.

Судья-координатордың мәлімдеуінше, кепіл ақша ұсынылмаған, айыпталушы күзетпен қамауда. Ұсталған күдіктінің сыбайласына іздеу жарияланған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
13
2
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel