RU
БАҚ: Гульнар Каримованың үйінен құны 38 млн франктың зергерлік бұйымдары табылған
Жаңалықтар Әлемде

БАҚ: Гульнар Каримованың үйінен құны 38 млн франктың зергерлік бұйымдары табылған

Рассказать Вконтакте

Швейцариялық БАҚ бұрынғы өзбек көшбасшысы Ислам Каримовтың үлкен қызы Гульнар Каримованың женевалық үйінен құны 38 млн франк болатын зергерлік бұйымдар табылғанын хабарлады деп жазады Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fortovsky - LiveJournal

Фото: fortovsky - LiveJournal
Source: UGC

Құнды заттарды Каримованың Женевдағы үйіне тінтіу жүргізген жергілікті полицейлер тапқан. Табылған барлық бұйымдардың жалпы сомасы 38 млн швейцариялық франкты құраған (14 млн теңге).

Ал табылған зергерлік бұйымдардың арасында лағыл алқа, үлкен қызыл гауһармен сақина, сонымен бірге қымбат сағаттар болған.

Журналистер Гульнар Каримова бұл құнды заттарды заңсыз жолмен иемденді деп күдіктеніп отыр.

Еске сала кетейік, 2015 жылы Ислам Каримовтың қызы БҰҰ жанындағы және Женевада орналасқан өзге де халықаралық ұйымдардағы Өзбекстанның тұрақты өкілі қызметін атқарады. Алайда бес жыл өткеннен кейін ол лауазымынан айырылып қалды.

Гульнар Каримова қаржы жымқырды деп айыпталды. Ал 2015 жылы ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз
13
3
3
1
2
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel