RU
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қатты жел тұрып, жауын жауады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қатты жел тұрып, жауын жауады

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтіледі, тек республиканың оңтүстік-батысында жаңбыр жаумайды деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қатты жел тұрып, жауын жауады

Көрнекі фото: Бәрібар.кз

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20,  кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с-ға дейін  күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28  м/с; Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да асады.

Павлодар облысының басым бөлігінде  желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ға жетеді, кей жерлерде тұман күтіледі. Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Қарағанды облысында кей уақыттарда епкіні 25 м/с жетеді.

Ақмола, Шығыс Қазакстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтобе, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel