RU
Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында дауыл соғуына байланысты осы аймақтарға ескерту жарияланды деп хабарлайды «Қазгидромет» РМҚ.

Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Көрнекі фото: 20minutes.fr

Жамбыл облысында 15 қазан күні күндіз, 16 қазан күні түнде оңтүстік-батыстан және батыстан секундына 15-20 жылдамдықпен, ал облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде секундына 30 метр жылдамдықпен дауыл соғады.

Таразда 15 қазан күні күндіз, 16 қазан күні түнде оңтүстік-атыстан, батыстан дауыл соғады. Желдің жылдамдығы секундына 23-28 метр болмақ. Дауыл соғу ықтималдығы – 90%.

15-16 қазан күндері Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Астанада тұман күтіледі. Дауыл болу ықтималдығы – 85-90%.

Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады 15-17 қазан аралығында тұман мен кктайғақ болады. Дауыл соғу ықтималдығы – 90-95%.

Қостанай облысында да тұман түседі. Дауыл соғу ықтималдығы – 90-95%.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel