RU

Арбаға таңылған досымен ән айтқан жігіт жұрттың жүрегін ауыртты

Әлуметтік желіде сахнада арбаға таңылған досымен бірге ән шырқаған жігіт видосы айда болды. Бұл бейнежазбаны әнші Әбдіжаппар Әлқожа Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жас жігіттер Әбдіжаппар Әлқожа мен Нұрболат Абдулиннің орындауындағы "Досым" әнін айтқан. Олардың бірі арбада отырса, екіншісі қасында қолдау көрсетіп тұрған.

"Кеуде бөлек жаны бір достар көп болсын. Алла жар болсын бауырларға, жүрекке жылылық ұялатады мына көрініс", - деп жазған Әбіджаппар видео астына.

Бйнежазбаны тамашалаған желі қолданушылары мүгедек жігітке зор денсаулық тілеп, адал достықтарының мәңгі болуын тілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1757880-arbaga-taylgan-dosymen-n-ajtkan-zigit-zrtty-zregin-auyrtty.html