Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 жастағы қазақ қызы "Мәскеу аруы-2018" байқауының финалисі атанды

Опубликовано:

Дина Қожасаева есімді қазақстандық ару "Мәскеу аруы-2018" байқауының финалына өтті деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vk.com/c.jewellery
Фото: vk.com/c.jewellery: UGC

15 жастағы сәнқойдың анасы Линда Қожасаеваның айтуынша, олар біраз жыл бұрын жанұясымен Мәскеуге көшіп кеткен.

Оның сөзінше, қызы бұрыннан сәнқой болуды армандапты. Бақытына орай, Динаның сұлу келбеті армандарын орындауына көмектескен екен.

Фото: vk.com/c.jewellery
Фото: vk.com/c.jewellery: UGC

Бір күні Линданың досы, Мәскеудің вице-аруы Динаны көріп, оны сұлулық пен таланттар байқауына қатыстыруын ұсыныпты.

Фото: vk.com/c.jewellery
Фото: vk.com/c.jewellery: UGC
"Біз сұраныс жібердік, олар шақыртты. Дина ұйымдастыру комитетіне ұнады және финалға өтті. Кастингте оны Дубайдағы бір журналдың редакторы байқапты. Осылайша, бізді түсірілімге шақырды",- дейді арудың анасы.

Қазіргі уақытта Дина Романов мектебінің 9-шы сыныбында оқиды. Сондай-ақ, ол ән айтып үйрететін музыкалық мектепке барады.

Фото: vk.com/c.jewellery
Фото: vk.com/c.jewellery: UGC

Айта кетейік, конкурстың ақтық сыны 28 қараша күні болады. "Мәскеу аруы" байқауының жеңімпазы "Краса России-2019" сайысында Мәскеу қаласының намысын қорғайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757883-15-zastagy-kazak-kyzy-mskeu-aruy-2018-bajkauyny-finalisi-atandy/

pixel