Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғалидің әкесі ұшақтағы жайтқа қатысты пікір білдіруден үзілді-кесілді бас тартты

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі мен оның әкесі жуырда Алматы-Гонконг бағытындағы ұшақ бортында болған жайтқа қатысты өз пікірін білдіруден біржолата бас тартты деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Төреғалидің әкесі
Төреғали мен оның әкесі. Сурет желідегі ашық дереккөздерден алынды: UGC

Төреғали Төреәлінің "Ұлы дала баласы" деп аталатын фильмінің тұсаукесерінен соң, журналистер оның әкесінен елді шулатқан әуежайдағы жайт туралы пікір білдіруді сұраған. Алайда әнші мен әншінің әкесі де, өзі де бұл туралы айтудан мүлдем бас тартты.

"Бұл туралы министрден сұраңыз. Мен оның жанында болған жоқпын (сол кезде). Ол маған ештеңе айтпады", - деп жауап берген Төреәлі Алиханұлы.

Қазіргі таңда Қазақстан ІІМ әншіге қатысты қылмыстық іс қозғағаны туралы ақпарат тарады. Оған шекараны заңсыз кесті деген айып тағылып отыр.

Еске салсақ, қыркүйек айының ортасында Төреғали Төреәлі Алматы-Гонконг бағытындағы ұшақ бортына VIP-зал арқылы кіріп, салдарынан рейс уақытынан кешігіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1757896-tregalidi-kesi-saktagy-zajtka-katysty-pikir-bildiruden-zildi-kesildi-bas-tartty/

pixel