Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сегіз жыл бұрын бас қосқан Бүркіт пен Аиша үйлену тойының суретін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Бүгінде үш баланың ата-анасы атанған отандық жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша алғаш шаңырақ көтерген шағындағы суреттерін көрсетті деп жазады NUR.KZ.

Эстрада әлеміндегі жарасымды жұптың отау тіккеніне сегіз жылдың жүзі болған.

Бұл жайында Бүркіт Instagram парақшасында: " Отбасы құрғанымызға сегіз жыл өтіпті. Аллаға шүкір. Зейін, Омар және Сафия. Рахмет, саған", - деп жазып қойған.

Ал желі қолданушылары Аишаның сүйікті жар, бақытты ана екенін айтып, әншілерге бақыт тіледі.

"Бақытты болыңыздар", "Жұптарыңыз жазылмасын", "Бақыттарыңыз ұзағынан болсын", "Бала-шағаларыңыздың қызығын көріңіздер", "Сіздерді тіл-көзден сақтасын", - деп ақ тілектерін жаудырды.

Естеріңізде болса, Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар өзінің жартылай жалаңаш суреттеріне ағасының рұқсат бергенін айтқан еді.

Көпшілікке қара өлең оқу арқылы танылған әншінің қарындасы желіге өзінің ашық-шашық суреттерін жиі жүктеуді әдетке айналдырған.

Айта кетейік, Бүркіт пен Аишаның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан жүктей аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1757936-segiz-zyl-bryn-bas-koskan-brkit-pen-aisa-jlenu-tojyny-suretin-krsetti-foto/

pixel