Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде шахтада жарылыс болды: Жұмысшы жігіт тас астында қалған

Опубликовано:

Ақтөбеде шахтада жарылыстан тас астында қалған науқас әл үстінде. Хромтау аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан азаматты дәрігерлер қалаға жеткізе алмай отыр. 42 жастағы Мейрамбек Кенжағалиевтің барлық сүйектері сынып қалған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: ok.ru
Көрнекі фото: ok.ru: UGC

Шахтадағы жарылыстан зардап шеккен Мейрамбек Кенжеғалиев аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер ауыр жарақат алған науқас қалаға жеткізу үшін жол көтере алмауы мүмкін деп алаңдайды.

"Науқас жұмыс орнынан жеткізілді. Жағдайы ауыр. Жарақаты көп, бірнеше жері сынған. Қазір жансақтау бөлімінде. Облыстық ауруханадан нейрохирургтар мен травматолог мамандар шақыртылып, тексерулер жасалды. Қазіргі уақытта зардап шегушіні облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізу мәселесі қаралып жатыр",-дейді Хромтау аудандық ауруханасының бас дәрігері Жолдасбек Қамбаров.

Мейрамбек Кенжеғалиев дөң-кен байыту комбинатындағы шахтада 15 жылдан бері еңбек еткен. Төрт баланың әкесі отбасының жалғыз асыраушысы.

"Баламның жағдайы ауыр. Ол ауруханаға қазан айының 11-нен 12-не қараған түні жеткізілді. Ұлым жарылған тас астында бірнеше сағатқа жатып қалған. Оның шахтадан шықпағанын ешкім байқамаған. Мейрамбекті тек екінші кезекке келген жұмысшы көріп, хабар бергені белгілі болды. Жалғыз ұлымның жағдайына алаңдап отырмын", - дейді зардап шегушінің анасы Бекзада Байсадақова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1757958-aktbede-sahtada-zarylys-boldy-zmyssy-zigit-tas-astynda-kalgan/

pixel