RU

Қарағандыда демалыс күндері көктайғақтан 88 жол апаты болған (видео)

Қарағандыда демалыс күндері көктайғақтан 80-нен аса жол апаты орын алған. Олардың көп бөлігіне жүргізушілердің "резеңкесін" ауыстырып үлгермегені себеп болыпты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: instagram.com/shock_krg
Фото: instagram.com/shock_krg: UGC

13 қазан мен 15 қазан аралығында Қарағандыда 88 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Олардың көбеюіне ауа райының бірден суып кеткені себеп болған. Бұл жағдайға жүргізушілердің жазғы резеңкелерін ауыстырып үлгермеуі де әсер еткен.

"Адамдар мұндай ауа райын күтпеген еді. Негізі, күн жақында ғана жылы болып тұр еді. Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті өз уақытында резеңкені ауыстырып, жол ережесін сақтау қажеттігін айтып отыр. Бұл көп мәселенің алдын алуға септігін тигізеді", - деді облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жақында Алматы мен Астанаға, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстанға қар жауғаны айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1757965-karagandyda-demalys-knderi-kktajgaktan-88-zol-apaty-bolgan-video.html