RU
Қара түсті хиджабқа оранған Байзақова елді тағы дүрліктірді (фото)

Қара түсті хиджабқа оранған Байзақова елді тағы дүрліктірді (фото)

Рассказать Вконтакте

Атышулы блогер Айжан Байзақова жақында ғана жүкті екенін жариялап, жұртты таңғалдырған болатын. Жартылай жалаңаш суреттерімен танылған ару енді хиджабқа оранып, тағы да елдің қызу талқысына түсті деп жазады NUR.KZ.

Желі жұлдызына айналған бойжеткен өзінің Instagram парақшасына хиджаб киіп түскен суретін жүктеп, өз оқырмандары арасында дау тудырды.

Көпшілік бұрындары барынша ашық киім-кешектерді таңдайтын арудың енді жамылып жүргеніне наразылығын білдіруде.

Желі оқырмандары Байзақованың аталмыш суретінің астына жағымсыз пікірлерін қалдырып жатыр.

"Бәрі хайп үшін, ұялмайсың ба?"
"Мұсылман емеспін деп жар салғаның қайда? Пиар үшін бәріне дайынсыңдар"
"Хиджабты ойыншық қылып тұр ғой. Ертен тағы да жартылай жалаңаштанып, әдетәне басады"
"Аватаркасында анандай сурет тұр. Мында болса мынадай. Не болды бұл сонда?" , - деп жазуда желідегілер.

Сіздің реакцияңыз
11
0
0
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel