Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өтірік рөл сомдадым": Бота Нұрсейітова күйеуінің көзіне шөп салғанын жайып салды

Опубликовано:

Желіде үлкен танымалдылыққа ие болып, Іnstagram жұлдызы атанған Бота Нұрсейітова өзінің парақшасында күйеуінің көзіне шөп салғанын және сол себепті ажырасып кеткендерін жайып салды деп жазады NUR.KZ.

Бүгінде екі бала тәрбиелеп отырған Нұрсейітова ханым өзінің жазылушыларына жұбайымен ара-қатынасын үзгенін жеткізді.

"Бұл мен үшін оңай шешім болған жоқ. Неше түн көз ілмедім, көп ойландым, уайымдадым. Өзім үшін ғана емес, балаларым, ата-аналарымыз үшін уайымдадым", - деп жазады ол басынан өткен оқиғасы туралы.

Сонымен қатар, Бота соңғы бірнеше ай бойы оқырмандары мен құрбыларының алдында көзбояушылық жасап, бақытты ана рөлін сомдағаны үшін қатты ұялатынын жазды.

Нұрсейітованың айтуынша, ол бұрын да отбасын сақтап қалу үшін күйеуінің опасыздығын кешірген екен.

"Күйеуім бізді сатып кетті. Бұл жай опасыздық емес. Бұл қаншалықты жаныма батса да, мен көзіме шөп салғанын кешірген болатынмын".

Инста-жұлдыз күйеуінің өзгеріп кеткенін, оған қарап өзі тұрмысқа шыққан ер азаматты көрмейтінін айтып өтті.

"Мен мүлде басқа адаммен ажырасып жатырмын. Оны таңдап қателік жасаппын. Ол бізді сатып кетті, бірақ өмір жалғасады", - деп аяқтады сөзін ол.

Сонымен қатар, Бота бұрынғы күйеуінің ата-анасына алғыс айтып, олардың үмітін ақтай алмағанына өкініш білдірді.

Айта кетерлігі, Нұрсейітова ханым отандық басылымдардың біріне бұл жайт туралы көлемді сұхбат берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757992-tirik-rl-somdadym-bota-nrsejitova-kjeuini-kzine-sp-salganyn-zajyp-saldy/

pixel