RU

Ердоғанның күйеубаласы Арда Тұран түрмеге отыруы мүмкін

Түрік футболшысы Арда Тұран 12 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін. Ердоғанның күйеубаласы Беркай Шахин есімді әншіні соғып тастағаны мен тағы бірқатар заң бұзушылық үшін айыпталуда деп жазады sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Арда Тұранның үстінен шағымды Беркай Шахин есімді түрік әншісі түсірген. Анықталғандай, футболшы шоу-бизнес өкілінің әйеліне тиісіп, артынан оның өзін сабап тастаған.

Оқиғадан соң, Тұран зардап шеккен ер адамға ауруханаға келіп, одан кешірім сұраған. Футболшы әншіге өзін атып тастауын ұсынған.

Айта кетйік, Арда Тұран Түркия президентінің күйеубаласы болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1758073-erdoganny-kjeubalasy-arda-tran-trmege-otyruy-mmkin.html