RU
Мадина Сәдуақасова сахнада келеңсіз жайтқа тап болғанын жасырмады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мадина Сәдуақасова сахнада келеңсіз жайтқа тап болғанын жасырмады (видео)

Рассказать Вконтакте

Көпшіліктің сүйікті әншісі Мәдина Сәдуақасова сахнада болған келеңсіз жайтты есіне алып, бір кұліп алды деп жазады NUR.KZ.

Әнші кейбір ұйымдастырушылардың "артық қыламын деп, тыртық қылатынына" күйінді.

"Бірде сахнаға шығып, әнімді айтып жатсам, залдағы көрермен тоқтаусыз күліп жатыр. Не болып жатқанын түсінбеймін. Сосын артыма қарап қалдым.

Сөйтсем, менімен шыққан биші жігіттің шалбары қақ ортасынан бөлініп қалыпты. Комбинизоны жыртылып қалған.

Ол байғұс тоқтамай билеп жатыр. Әнді осылай орындап шықтық. Эфирден қалай жасағанын білмеймін. Бірақ, кейбір ұйымдастырушылардың артық қылатыны бар. Сондықтан ештеңе жасамаңыздар деп айтамын", - деген әнші ыңғайсыз оқиғаны есіне алды.

Айта кетейік, 40-қа жақындаған әнші өзін "қартайды" деп сынаған оқырмандарына жауап қайтарған болатын.

Сондай-ақ, әнші халыққа өзінің биіктігі 25 см болатын биік өкшелі туфлилерін көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Мадина Сәдуақасованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel