Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдарқұлов екінші жары Ақботаның тағы да аяғы ауыр екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Отбасылық өмірлері ел назарында жүрген Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет жақында екінші рет сәбилі болмақшы. Атышулы жұлдызды жұп өздерінің қуанышты хабарын НТК телеарнасынадағы "Ревю" бағдарламасында жеткізген деп жазады NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбеттің тағы да жүкті екенін жарыса жазғандардың болжамы расталып шықты.

Дәурен Айдарқұловтың жары екінші баласына аяғы ауыр екенін мойындады.

Жұлдызды жұп отбасыларының тағы бір адаммен толығатынын отандық бағдарламаға берген сұхбатында ашық айтқан.

"Балалы боламыз. Қалай болғанымен тіл-көзге сенеміз, сол себепті барынша жасырынуға тырысамыз. Бірінші жүктілігім кезінде жағымсыз пікірлер жазушылар көп болды. Аяғым ауыр кезде ұлымды жоғалтып ала жаздадым да. Сондықтан әзір қорқамыз шамалы" , - деді Ақбота Сейітмағамбет.

Сонымен қатар, ғашықтар мұнысымен тоқтап қалмай, тағы да болашақта балалы болуды мақсат етуде.

Айдарқұловтың арманы - жеті баланың әкесі атану екен. Бүгінде оның төрт баласы бар. Үшеуі алғашқы некесінен болса, төртіншісі - Ақботадан туылған Ибраһим есімді ұлы.

Жұлдызды жұптың мәлімдеуінше, екінші сәбилері 2019 жылы дүниеге келмек.

Ақбота Сейітмағамбеттің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758171-ajdarklov-ekinsi-zary-akbotany-tagy-da-aagy-auyr-ekenin-mlimdedi/

pixel