Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі селфи: Әдемі суретті қалаған әйел 27-ші қабаттан құлап мерт болды

Опубликовано:

Сандра Мануэла Да Коста Масед есімді португалиялық азаматша селфи жасаймын деп 27-ші қабаттан құлап кетті. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Көрнекі фото: pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

Мұғалім болып жұмыс істейтін Сандра жуырда Панамаға көшіп келген екен.

Ол Панаманың көрнекі жерлерін тамашаламақ болып Luxor Tower ғимаратының 27-ші қабатына шығып, селфи жасаған.

Әдемі кадр үшін әйел адам балконның үстіне шығып, суретке түсуді көздепті. Алайда, кенеттен тепе-теңдігін жоғалтқан ол төмен құлап кетеді.

Тұрғындардың айтуынша, қарсы беттегі ғимараттағы құрылысшылар оған ескерту жасап, райынан қайтармақ болған.

"Мен осы ғимаратта тұрамын. Ол бірнеше минут селфи жасады. Қарсы беттегі ғимаратта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ондағы құрылысшылар оған "абайла" деп айғайлады. Ол балконның шетіне отырып селфи жасады, сосын төмен құлап кетті", - деді куәгер Эрик Альзате.

Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде. Олар әйел адам қатты желдің кесірінен тепе-теңдігін жоғалтты деген болжам жасап отыр.

Сандраның артында екі баласы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1758267-katerli-selfi-demi-suretti-kalagan-jel-27-si-kabattan-klap-mert-boldy/

pixel