Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойдың қақ ортасында "өлген" әжей елдің жағасын ұстатты

Опубликовано:

Еліміздегі тойлардың бірінде "Кемпір өлу" салты орындалған. Ал жұрт бұрын-соңды естімеген бұл салтты көріп, желіде түрлі пікірді қардай жаудырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Ойын салты бойынша, күйеу жігіт тойхананың қақ ортасында "өліп жатқан" әжейді қалай да оятып алуы керек.

Видеода үйленіп жатқан жігіт әжейдің қолына ақша қыстырады. Алайда әжей ояна қоймаған.

Жас жігіт осы уақытта қалыңдығының қолынан ұстап, әжейге ән арнайды.

Бұл видеоны көрген қазақстандықтар таңданыстарын жасыра алмады.

"Тойда кемпір өліп қалды ма" деп ойласам", "Ыңғайсыз салт екен", "Қазақтар да неше түрліні ойлап, тауып жүреді", "Мынау, ұят қой".

"Енді қарияларды ойыншыққа айналдыру қалып еді", "Салттың да тозығы болады ғой", "Өмірімде мынадай салт бар екенін білмеппін" деп пікір білдірді оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758321-tojdy-kak-ortasynda-lgen-zej-eldi-zagasyn-statty/

pixel