Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сатылып жатыр: "Меломен" тобы жартылай жалаңаш әнші қыздарға шүйлікті

Опубликовано:

Соңғы уақытта сахнада жүрген қазақ қыздарының көбісі жартылай жалаңаш клип түсіріп, ашық-шашық киімдерімен көзге түсуді әдетке айналдырғаны жасырын емес. "Меломен" тобының жігіттері өнердегі әпке-қарындастарының бұлай "азғындалуына" қатысты сын айтты деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жолдыбаева, "Меломен" тобы. Фото: Әншінің желідегі парақшасынан, Kaztube.kz
Жолдыбаева, "Меломен" тобы. Фото: Әншінің желідегі парақшасынан, Kaztube.kz: UGC

Өзінен кейін танылған жас әншілердің кемшілігін жасырмай жайып салатын "Меломен" үштігі бұл жолы өнердегі сұлуларға шүйлікті.

"Қазір өнерде жүрген қыздарымыз өте сұлу. Олар жабық киінсе де, өздерінің әдемілігін көрсете алады. Олардың ашық-шашық суреттері "мен сатылып жатырмын" дегенді білдіреді.
Міндетті түрде мүшесін көрсетіп, лайк пен пікір жинайды. Пиар мен талқыға түсу үшін қыздардың шешініп жатқаны, өте өкінішті нәрсе", - дейді "меломендік" жігіттер.

Сонымен қатар, Ролан Қазретовтің де шешінген суретін салып жүрген қыздарға өз айтары бар.

"Сіздер біліңіздер, өздеріңізді құрбан еткендеріңізбен қоймай, барлық қазақты құрбандыққа шалып жатырсыздар. Сіздерді көріп өскен кішкентай қыздар да тәнін сататын болады", - деп ағынан жарылды.

Айта кетейік, әуел баста төрттік болып шыққан "Меломен" тобынан бүгінде Жігер Ауыпбаев шығып кетті. Әншінің неліктен жеке шыққаны жайлы шындық әлі күнге айтылмады.

Бұл жайында Ауыпбаевтың өзі бір сұхбатында "Шындық әлі ашылмады" деп жанайқайын жеткізді.

Ал "Меломен" тобы осыған дейін 91 тобын сынап, көпшілікті ашуландырып алды.

2018 жылы "Туған жерім тамаша" атты су жаңа туындысын көпшілікке ұсынған "Меломен" жігіттерін танымал журналист Есей Жеңісұлы сөгіп тастаған.

Естеріңізге сала кетейік, "Меломен" тобының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758343-satylyp-zatyr-melomen-toby-zartylaj-zalaas-nsi-kyzdarga-sjlikti/

pixel