Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аграрлық несие корпорациясы" төрағасының орынбасарына қатысты жаңа деректер шықты

Опубликовано:

"Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының орынбасары қоластындағылардан ақша бопсалады деп күдіктелуде. Компания қызметкерлерінің сөзінше, күдікті оларға өзі жазып берген сыйлықақының жартысын қайтаруды талап еткен. Бұл туралы "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қуат Ахметов. Фото: facebook.com/kuat.akhmetov
Қуат Ахметов. Фото: facebook.com/kuat.akhmetov: UGC

"Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының орынбасары Қуат Ахметов пара алды деген күдікпен ұсталған.

Іс материалдары бойынша, ол қоластындағы екі қызметкерге сыйлықақы жазу құқығына ие болған. Алайда, басшының берген қаржысы жұмыскерлердің қолына тие сала, оның орынбасары жартысын өзіне әкеліп беруді қатаң тапсырып отырған.

Қызметкерлердің Ахметовке беруі тиіс болған ақшасы 720 мың теңге екен.

Бұл ақшаның қайтарымы ретінде басшы орынбасары олардың жұмысына қолдау көрсетіп отыруға уәделескен.

Алайда қызметкерлер оған келіспей, парақорлық фактісі туралы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросына хабар береді. Олар "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының орынбасары Қуат Ахметовтың ісін әшкерелейтін барлық дәлелді жинап қолға түсірген.

Еске сала кетейік, күні кеше жемқорлық күдігімен "Аграрлық несие корпорациясы" Басқарма Төрағасының орынбасары мен корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының басшысы ұсталғаны хабарланған еді.

Қазір іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Енді Қуат Ахметов тексеру жұмыстары аяқталғанша, екі ай қамауда отыратын болады.

Мақаланы көшіріп басу немесе пайдалану үшін "Время басылымы" ЖШС рұқсатын алу міндетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758356-agrarlyk-nesie-korporaciasy-tragasyny-orynbasaryna-katysty-zaa-derekter-sykty/

pixel