RU

Жұмысқа көңілі толмаған басшы қызметкерлерін іш киіммен жүгіртіп қойды

Қытайда фитнес-клубтың қызметкерлерін дұрыс жұмыс істемегендері үшін іш киіммен далада жүгіртіп қойған. Сатылымның төмен деңгейін көрсеткен жұмысшылар осындай жазаға тартылған деп хабарлайды Орта Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: systavmed.ru
Көрнекі фото: systavmed.ru: UGC

Бұл жазаға 40 азамат тартылған.

Бірақ олардың біреуі де қарсылық танытпаған көрінеді. Керісінше, жұмысшылар бұл істерімен басшысын ұятқа қалдырғанын, ал өздері қызық үшін жүгіріп өткенін айтады.

Ал клубта жұмыс істейтін әйелдер cаудада тиісті деңгей көрсете алмауына байланысты кеуделерін жерден көтеріп, жаттығу жасаған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1758370-zmyska-kili-tolmagan-bassy-kyzmetkerlerin-is-kiimmen-zgirtip-kojdy.html