Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын өзін "жаман әке" деп сөгетіндерді орнына қойды

Опубликовано:

Бірінші әйелінен ажырасып, екінші рет Жұлдыз Өмірғалимен шаңырақ көтерген Айқын өзін "жаман әке" деп сөккендерге жауап берді. Бұл туралы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Айқын. Фото: скриншот Instagram. Коллаж: NUR.KZ
Айқын. Фото: скриншот Instagram. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Осыдан бір жарым жыл бұрын Жұлдыз Өмірғалимен отау құрған Айқынның бірінші жарынан екі баласы болса, ал екінші отбасынан бір ұлы бар.

Әншінің бұл әрекетін қолдамайтын оқырмандары желіде Айқынға ауыр сөздер жазып, "нашар әке" деп сынайды екен.

"Жұрт мені "жаман әке" деп есептейді. Бүйтті-сүйтті дейді. Ондай емеспін. Бала-шағамның бәрі күнде жанымнан табылады. Сондықтан мұны көпшілікке көрсеткім келеді. Менің де жақсы әке екенімді көрсе деймін. Өзімнің әкелік борышымды атқарып жатырмын", - деді Айқын.

Ал Жұлдыз Өмірғалидің айтуынша, күйеуі үлкен ұлы мен қызын кенже баласымен таныстырыпты.

Айта кетейік, "Super star" бағдарламасы арқылы танылған әнші жігіт 2017 жылы өнердегі Жұлдыз Өмірғалимен таралған видеосы арқылы елді шулатты.

Бастапқыда көпшілікке фильмнің үзіндісі деп уәж айтқан әншілердің кейін ұлды болғаны да әшкере болды.

Қос әнші өздерінің 1,5 жылдан бері бірге тұратынын тек ұлдары Санжар бір жасқа толғанда ғана мәлім етіп, дүркіретіп той өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Айқынның әндерін MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758372-ajkyn-zin-zaman-ke-dep-sgetinderdi-ornyna-kojdy/

pixel