Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алуа Қонарованың тұрмысқа шығатыны рас па? (фото)

Опубликовано:

Алуа Қонарова өзінің Instagram парақшасына қалыңдық көйлегімен түскен суретін жүктеп, көпшілікті қызықтырып қойды. Желі оқырмандары бірден отандық продюсердің жақында тұрмысқа шыққалы жатқанын болжады деп жазады NUR.KZ.

"Ringo" тобының продюсері жүктеген фото желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің назарын аудартты.

Оқырмандар "Алуа Қонарова орта жастан асқан шағында отбасын құрады" деген болжамдарды жарыса жасады.

Кейбірі тіпті продюсерге өз тілектерін тілеп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Алайда Қонарова ханым өз оқырмандарының әңгімесіне нүкте қойып үлгерген. Ол фотоның арнайы түсірілім кезінде жасалғанын жеткізді.

Продюсердің айтқанына қарамастан, желідегілер оған тұрмысқа шығу керектігін түсіндіруге тырысқан.

Алуа Қонарованың қарамағындағы "Ringo", "Renzo" және "Ayanat" топтарының әндерін біздің MusicNur қосымшамыздан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758437-alua-konarovany-trmyska-sygatyny-ras-pa-foto/

pixel