Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ескендір Сүлейменов қаза тапты: ІІД бастығының қызы көз жасын тыя алмады

Опубликовано:

Астанадағы №2 Есіл аудандық сотында қазақстандық жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істің сот отырысы өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 29 жастағы Қызылорда облыстық ІІД бастығының қызы Малика Мұхитова өз көлігінде мотоциклде отырған Ескендір Сүлейменовпен соқтығысады. Салдарынан азамат оқиға орнында тіл тартпастан мерт болған.

Сот отырысында Малика өз сөзін Ескендірдің ата-анасынан кешірім сұраудан бастады.

"Өтінемін, мені кешіріңіздерші. Сіздерге қаншалықты қиын екенін түсінемін", - деген бойжеткен марқұмның ата-анасына бұрылып, көзіне жас алды.

Сол уақытта оған өз анасы жақындап, қызын тыныштандырмақ болды. Алайда судья оған орнына отыруын бұйырды.

Ескендір Сүлейменовтың анасы да көз жасын тоқтата алмай, Мұхитовадан теріс айналды.

Еске салсақ, осыған дейін өткен сот отырысында ІІД бастығының қызы кінәсін толық мойындап, шығынды өтеуге дайын екенін айтқан болатын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1758474-eskendir-slejmenov-kaza-tapty-iid-bastygyny-kyzy-kz-zasyn-tya-almady/

pixel