Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Әлқожа журналист күйеуіне "аппағым" деп ән арнап, оны клипке түсірді

Опубликовано:

Отандық белгілі әнші Роза Әлқожа су жаңа бейнебаянына өзінің күйеуін түсіріп, тыңдармандарын қуантып қойды деп жазады NUR.KZ.

Роза Әлқожа. Фото: Клиптен кадр
Роза Әлқожа. Фото: Клиптен кадр: UGC

"Аппағым" деп аталатын әніне клип түсірген Роза бұл жолы кейіпкер ретінде өзінің жұбайын таңдапты.

Бес баласы бар әнші бейнебаянда күйеуі екеуі ақ түсті киіммен қала көшелерін аралауға шыққан.

Желі қолданушылары болса "Менің сүйікті әншім", "Өнеріңіз өрге жүзсін", "Сізді жақсы көреміз" секілді жағымды пікірлер білдірген.

Айта кетейік, әншінің күйеуі журналист, редактор. Есімі - Айдын Әбдібекұлы Қаба.

Көпбалалы Роза Әлқожа бұған дейін күйеуіне тоқал алып беруге де қарсы емес екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ, ерлі-зайыптылардың үлкен ұлы мен қызының өнер әлеміне жақын екені де көпшілікке белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, әншінің су жаңа туындыларын біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758570-roza-lkoza-zurnalist-kjeuine-appagym-dep-n-arnap-ony-klipke-tsirdi/

pixel