Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауылда мүшеқап сатып алуға ұялатын жігіттер сақтанудың жаңа тәсілін тапқан

Опубликовано:

Ер азаматтар барлығы бірін-бірі жақсы танитын ауылда абыройын төкпей, физикалық қажетін қанағаттандырудың жаңа тәсілін ойлап тапқан. Олар жыныстық қатынаста сақтану үшін полиэтилен пакетін пайдаланатын көрінеді. Бұл туралы Айгерім Болат өзінің Facebook парақшасында жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: feelpassion.ru
Көрнекі фото: feelpassion.ru: Getty Images

Айгерім Болат кішкентай ауылдан келген қыздың айтып берген оқиғасын баяндапты.

Ол ауылда бар болғаны төрт көшедегі тұрғындар барлығы бірін-бірі жақсы танитынын алға тартады. Тіпті қыздардың қай жігітпен кездесетінін ата-аналарына дейін біліп алып, жігіттің әке-шешесіне құда деп әзілдеп жүретін көрінеді.

Оған қоса ауылда дәріхана жоқ, тек екі дүкен ғана бар екен. Ондағы сатушы әйелдерді де сол ауылдың барлығы жақсы таниды.

"Бірінде Гуля әпке сатады, екіншісінде Айгүл әпке. Жігіттер олардан мүшеқап сатып ала алмайды. Себебі оны барлық ауыл білетін болады", - дейді Айгерім.

Сол үшін ауылдық азаматтар аудандағы базарға барғанда контрацептивтерді бір айға жететіндей етіп әкеліп алатын көрінеді.

Ал қыста алыс жолға шығу қиын болғандықтан, ерлерге түрлі әдіс-тәсілді қолданып, физикалық қажеттілігін қанағаттандыруға тура келеді екен.

Жігіттердің сақтық үшін кейде қарапайым полиэтилен пакетін қолданған кездері де болыпты.

"Мен осы күнге дейін мұның ауылда үлкен мәселе екенін ойланбаппын. Онда тойға дейін жыныстық қатынасқа түсу "ұят". Ешкім онымен айналыспайтындай жүреді, бірақ баланы алдырып тастау, ұрыс-керістер мен өзіне қол жұмсау деген жиі орын алады", - деп жазады ару.

Айгерімнің айтуынша, бұл бір жағынан күлкілі болып көрінуі де мүмкін. Дамыған заманда өмір сүріп, осындай мәселемен бетпе-бет келу түптеп келгенде, өте қиын жағдай.

"Неге сол жерлерге мүшеқаптарды сататын терминалдарды қоймайды екен? Ол соншалық қымбат тұрмайды ғой. Үлкен қалаларда мәселен, студенттер керегінше алып қолдана алады.
Сол нәрсені ауылдың бір түкпір, ешкім көре бермейтін жеріне орнатып қойса, қажет адам түнгі уақытта болсын, барып алар еді", - деген ұсынысын айтқан Айгерім Болат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758589-auylda-msekap-satyp-aluga-alatyn-zigitter-saktanudy-zaa-tsilin-tapkan/

pixel