Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірі өзгерген: "Қасқыр бала" атанған Абылай Наурызбаев қазір қай елде? (фото)

Опубликовано:

Әлемдегі сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққан қазақстандық Абылай Наурызбаев осыдан біраз уақыт бұрын әлем назарын өзіне аударған болатын. Бүгінде 22 жасқа келген жігіт қазір қайда жүр? Немен айналысады? Ол өзінің дертінен айыға алды ма? Бұл жайында "Страшно красивые" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хаббарлайды.

Абылай Наурызбаев. Фото: Видеодан кадр
Абылай Наурызбаев. Фото: Видеодан кадр: UGC

Денесін толықтай түк басқан Абылай гипертрихоз дертіне шалдыққан болатын.

Бүгінде 22 жасқа келген жігіт Польшада медициналық университетте хирург мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Абылай Наурызбаев. Фото: life.ru
Абылай Наурызбаев. Фото: life.ru: UGC
"Ерекше болып туылғанымды білемін. Денемдегі түктер мүшел жасымнан бастап, өздігінен түсе бастады. Маған түктерім аса теріс әсер етпеген. Мектеп кезінен биология пәнін жақсы оқыдым. Енді хирург мамандығына оқып жатырмын.

Отбасымда мен жалғыз мен түкті адаммын. Қызық қуып, әлемде өзім секілді бірнеше адамның бар екенін білдім.

Болашақта әке болып жатсам, балаларымда бұл ауру тұқым қуалайды деп ойламаймын. Барлығы Алланың қалауымен болатын дүние ғой", - деді ерекше жаратылған азамат.
Абылай Наурызбаев. Фото: Видеодан кадр
Абылай Наурызбаев. Фото: Видеодан кадр: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758601-miri-zgergen-kaskyr-bala-atangan-abylaj-nauryzbaev-kazir-kaj-elde-foto/

pixel