RU
Шашы желкесіне түскен Ринат Тәттібайдың ерекше киімдері елді шошытты (фото)

Шашы желкесіне түскен Ринат Тәттібайдың ерекше киімдері елді шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Елге журналист болып танылып, жаңалықтар жүргізген Ринат Тәттібай бүгінде бірнеше әншінің пиар менеджері. Қолаң шашты азаматқа айналған өнер иелерінің көмекшісі бүгінде қалай өзгерді? Оның желідегі суреттеріне оқырмандар түрлі пікір білдіріп, біреулер Ринаттың киімдеріне таңданыс білдіруде деп жазады NUR.KZ.

Бүгінгі таңда Серікбол Сайлаубек пен Өмірқұл Айниязовтың, Жадо мен жас әнші Оралхан Алтынбековтің пиар менеджері болып қызмет атқарып жүрген Ринаттың ерекше киімдері мен ұзын шашы расымен көптің талқысына айналған.

Мұны желі қолданушыларының "Мына киімдерің үлкен адамға ерсі көрінеді", "Масқара", "Жарасса бір сәрі", "Ұят қой мына киіміңіз", "Қандай шаш үлгісін жасап алғансыз?" деп жазған пікірлерінен аңғаруға болады.

Өнер иелерінің түрлі кештерінен үнемі бой көрсететін Ринат Тәттібайдың шашы әуелде қысқа болған.

Өзінің айтуынша, шашын әуелде "ақша жоқ" деп алдырмаса, бүгінде "уақыт жоқ" деген сылтау тауыпты.

Алматы арнасындағы "Әңгіме болсын" бағдарламасына сұқбат берген пиар менеджер Жадоның өзіне көлік сыйлайтынын атап өтті.

"Бәріміз өнер адамымыз ғой. Негізі халықты таңғалдыру үшін осындай образдамыз.

Қай әншінің қанша төлейтінін айта алмаймын. Өйткені арамызда келісімшарт бар", - деді Ринат Тәттібай "Әңгіме болсын" бағдарламасында.

Айта кетейік, Ринат Тәттібай менеджерлік ететін бір топ әншінің әндерін MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
8
1
8
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel