Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарысуда жел электр станциясы салынбақ

Опубликовано:

Сарысу ауданында "China Power International Holding Ltd" компаниясы жел электр станциясын салмақ. Оны аталмыш компанияның Қазақстандағы құрылтайшысы "Визор Казақстан" ЖШС-і жүргізеді деп хабарлайды "Жамбыл облысының инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы" КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:eenergy.media
Фото:eenergy.media: UGC

Инвесторлар Сарысу ауданында 100 МВт –тық жел электр станцияларын салатын болады. Жоба бойынша 233 гектар жерге желден қуат өндіретін арнайы қырық қондырғы орнатылмақ. Олардың әрқайсының қуаты – 2,5 МВт құрайды. Станция жылына 350 миллион КВТ/сағ электр энергиясын өндіреді деп жоспарланып отыр.

Жоба құны 130 миллион АҚШ долларын құрайды. Жобаның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталады деп күтілуде. Құрылыс кезінде 200-300 адам уақытша жұмыспен қамтылады. Ал аталмыш жоба іске қосылған соң тұрақты түрде 30-40 адам жұмысқа орналасады. Бұл мәліметті кездесу барысында өз жоспарымен бөліскен Алмас Чукин мырза айтты.

Еліміздің энергетикалық секторын стратегиялық трансформациялау аясында жаңартылған энергия көзінен өндірілетін электр энергиясының үлесін арттыру, экологиялық таза энергия өндіру және атмосфераға көмірқышқыл газының шығандарын азайту мақсатында қолға алынған жоба сәтті жүзеге асатын болса, 2020 жылы қазынаға орташа есеппен 8,1 млрд теңге пайда түседі деп болжанып отыр.

Сарысу ауданында «China Power International Holding Ltd» компаниясы салатын жел электр станциясының ісі бойынша облыс әкімі Асқар Мырзахметов аталмыш компанияның инвесторлары «Визор Казахстан ЖШС-нің» басқарушы серіктесі Алмас Чукин мен ЖШС-нің бизнес саласын дамыту бойынша кеңесшісі Кулик Вадиммен кездескен еді.

Айта кетейік, Қазақстанның жел энергетикасын дамыту әлеуеті өте жоғары екені бүкіл әлемге белгілі. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Біріккен ұлттар ұйымының даму жөніндегі бағдарламасы ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, еліміздің потенциалы мыңдаған МВт немесе жылына 1 триллион кВт-сағат көлемінде екен. Бұл дүние жүзі бойынша үздік көрсеткіштердің бірегейі.

Қазақстанда жел энергисы станцияларына қатысты бірнеше маңызды шаралар өткен еді.

Фото:facte.eu
Фото:facte.eu: UGC

Атап айтқанда, 2014 жылдың маусым айында Қазақстан үкіметі балама энергия көздерінің тарифтерін 15 жылға бекітті.

2015 жылдың қаңтар айында Қазақстан IRENA (Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттік) Ассамблеясының вице-президенті болып сайланды. Дәл осы жылдың қаңтар айында «KAZENERGY» қауымдастығы мен IRENA агенттігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың басты мақсаты - Қазақстанды «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы EXPO 2017-ні өткізуге дайындау мәселелеріне қатысты ынтымақтастықтың аясын қамтамасыз ету болатын.

Ал 2017 жылға дейін Ерейментау жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысы аяқталды. Оның құны 130 млн доллар деп бағаланды. Аталмыш жел электр станциясы Ерейментау қаласынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазір мұнда жиырма тоғыз тұрақты жұмыс орны ашылып, 12 жергілікті тұрғын жұмысқа қабылданған.

Мұнан бөлек еліміздің Маңғыстау өңірінде жел электр энергиясы салынып жатса, Алматыда осындай станция салу Қытай компаниясына тапсырылды. Енді Алматыда әлемдегі ірі жел турбиналарын өндіретін қытайлық «Xinjiang Goldwind Science and Technology» компаниясы 2018 жылы Алматыда жел энергиясы негізінде қуаттылығы 5 млн Вт болатын екі қондырғы тұрғызады.

Ағымдағы жылы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «South Wind Power» ЖШС бас директоры С.Парцикян, «Horgos Jiuhe SilkBridge New Energy Co.,Ltd компаниясының басшысы Huang Cheng арасында жел электр станциясы жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осыдан кейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченко қаласының маңында салынатын жел электр станциясының алғашқы кірпіші қаланған еді.

Ал Қордайдағы жел электр станциясының негізі 2012 жылы қаланып біткен болатын. Бүгінгі таңда станция қырыққа жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758647-sarysuda-zel-elektr-stanciasy-salynbak/

pixel