Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар дәмін қалауыңызша өзгертуге болатын сағыз ойлап тапты

Опубликовано:

Жапон ғалымдары дәмін қалауыңызша өзгертуге болатын сағыз ойлап тапты. Бұл пьезо әсердің арқасында мүмкін болды деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

popmech.ru
Көрнекі фото: popmech.ru: UGC

Ерекше сағызды жапониялық Мэйдзи университетінің ғалымдары ойлап тауып, Германиядағы сипозиумда мақұлданған.

Өнім кәдімгі сағызға ұқсас созылмалы материалдан жасалған. Оны пайдаланбас бұрын мамандар арнайы құрылғының көмегімен оның дәмін таңдайды екен.

Тіспен шайналған кезде сағыз алма, ананас, ет, шокалад және т.б. кез келген дәмге ауысады.

Бұл пьезоэлектрлік әсердің арқасында мүмкін болып отыр. Электродтар тілдің дәм сезуге жауапты әртүрлі бөліктеріне әсер етеді.

Шын мәнісінде сағыздың дәмі жоқ, алайда ми сағыздың жалбыз немесе қауын дәмі бар деп қабылдайды.

Болашақта Мэйдзи университеті бұл сағызды сатылымға шығармақшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1758695-galymdar-dmin-kalauyyzsa-zgertuge-bolatyn-sagyz-ojlap-tapty/

pixel