Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылына 7 миллион табатын қала әкімі туралы не білеміз?

Опубликовано:

Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев ай сайын қолына 390 мың теңге жалақы алатынын мәлім етті деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұрат Мұқаев. Фото: Uralskweek.kz
Мұрат Мұқаев. Фото: Uralskweek.kz: UGC

Әкімнің ай сайынғы еңбекақысы 484 367 теңге екен. Алайда салық төлемдерінен қалатыны 390 322 теңге дейді.

Яғни Мұрат Мұқаевтың бір жылдық табысы 7 миллион теңгеден асады. Бұл еліміздегі ең төменге жалақының 17 еселенген түрі десек болады.

Айта кетейік, осыған дейін Көкшетау, БҚО, Түркістан облысындағы Арыс қаласының әкімі, Павлодар қаласының басшысы, Талдықорған және Қызылорда қаласы әкімдерінің қандай айлықпен күн көріп жүргендерін жариялаған болатынбыз.

Сондай-ақ, айына миллионға жуық жалақы алатын министрлер тізімін де біздің порталдан оқи аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1758724-zylyna-7-million-tabatyn-kala-kimi-turaly-ne-bilemiz/

pixel