RU

Қызыл кілеммен жүрген Назарбаев шетелдік БАҚ-тың назарын аударды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа мен Азия елдерінің көшбасшылары бас қосқан ең үлкен жиын 12-ші ASEM форумына қатысу үшін Брюсселге келіп жетті. Қазақстан президенті қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

назарбаев

Фото: NUR.KZ / Алена Бутенко: UGC

Назарбаев кортежі Еуропа Одағының резиденциясына жақындаған бойда оншақты әлемдік басылымның журналистері мен фотографтары дайын тұрды.

назарбаев

Фото: NUR.KZ / Алена Бутенко: UGC

БАҚ өкілдері арасында "бұл Қазақстан", "Назарбаев келді" деген секілді сөздер естіліп жатты.

Мемлекет басшысы форумға қатысушы 53 елдің тулары тізіліп тұрған залға төселген қызыл кілеммен жүріп өтті.

назарбаев

Фото: NUR.KZ / Алена Бутенко: UGC

Орталықтың сол жақ бөлігінде еліміздің көк туы тұр, ол жапон және кәріс жалауларымен қатар орналасқан.

Назарбаевтың жүрісі әлемдік тілшілер ортасын қыздыра түскендей болды.

Елбасын өздеріне қаратпақ болған ресейлік журналистер болса "Нұрсұлтан Әбішұлы, сәлеметсіз бе!", - деп айқайлады.
назарбаев

Фото: NUR.KZ / Алена Бутенко: UGC

Қазақстан басшысы жымиған күйінде "сәлеметсіздер ме" деп жауап беріп, объективтерге қол бұлғады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Брюссельде әлемдік маңызға ие үлкен форум өтіп жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызыл кілеммен жүрген Назарбаев шетелдік БАҚ-тың назарын аударды (фото)