RU

Ота жасатқан Ескендір Хасанғалиевтің қазіргі хал-жағдайы қалай? (фото)

Осыдан біраз уақыт бұрын халық әртісі Ескендір Хасанғалиев Астана қаласында ота жасатып жатқаны белгілі болған еді. Композитордың өнердегі әріптесі Ерғали Әбдірайымов көпшілікті әнші үшін дұғада болуға шақырған. Осыдан кейін ел ағасының хал-жағдайы жайлы ақпарат тарамады деп жазады NUR.KZ.

Күні кеше өзінің Instagram парақшасына әйелі Дарикомен түскен суретін салған Хасанғалиев өзінің қазір қайда екенін мәлім етті.

"Ақырындап қалпыма келе бастадым. Реабилитация басталды. Барлықтарыңызға Оқжетпестен жалынды сәлем", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары композитор үшін әрдайым дұғада екенін айтып, тілектестіктерін білдірді.

"Аман болыңыз", "Қазақ сахнасының алып тұлғасысыз. Өзіңізді жақсылап күтіңіз", "Ауырмаңыз. Сіз үшін дұға етеміз".

"Тәуір болғаныңызға қуаныштымыз", "Жүз жасаңыз" деп пікір білдірді.

Айта кетейік, Ескендір Хасанғалиев көпшілікке кеңінен таныс "Атамекен", "Өмірімнің жазы" секілді әндердің авторы.

Композитордың қыркүйек айында ота жасатқалы жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, композитордың әндерің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1758786-ota-zasatkan-eskendir-hasangalievti-kazirgi-hal-zagdajy-kalaj-foto.html