Выйти
RU

Керчьтегі қырғын: Желіде қаза тапқан марқұмдардың суреттері пайда болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қырым басшылығының ресми сайтында Керчьтегі оқиғадан көз жұмғандардың тізімі жарияланды. 18 жастағы Владислав Росляковтың қолынан қаза тапқан 21 адамның ішінде кәмелетке толмағандар, ұстаздар мен оқу орнының қызметкерлері бар. Ал марқұмдардың суретін "Московский Комсомолец" жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Анастасия Бакланова, 27 жаста, оқытушы

Анастасия Бакланова, 27 жаста, оқытушы

Светлана Бакланова 57 жаста, Анастасияның анасы. Светлана Юрийқызы колледжде 26 жыл басшы орынбасары болып, математикадан дәріс берген

Светлана Бакланова 57 жаста, Анастасияның анасы. Светлана Юрийқызы колледжде 26 жыл басшы орынбасары болып, математикадан дәріс берген

Владислав Лазарев, 19 жаста

Владислав Лазарев, 19 жаста

Егор Перепелкин, 17 жаста. 4 жыл бұрын Керчьке Челябинск қаласынан көшіп келген. Оқудан соң кіші отанына оралғысы келген. Оқиға болар күні досына колледжге барғысы келмейтінін айтқан.

Егор Перепелкин, 17 жаста. 4 жыл бұрын Керчьке Челябинск қаласынан көшіп келген. Оқудан соң кіші отанына оралғысы келген. Оқиға болар күні досына колледжге барғысы келмейтінін айтқан.

Ксения Болдина, 17 жаста. Жанұясы оны аман қалды деп ойлап, соңына дейін іздеген

Ксения Болдина, 17 жаста. Жанұясы оны аман қалды деп ойлап, соңына дейін іздеген

Лариса Кудрявцева, 62 жаста. Оқытушы

Лариса Кудрявцева, 62 жаста. Оқытушы

Людмила Устенко, 63 жаста, колледж қызметкері

Людмила Устенко, 63 жаста, колледж қызметкері

Сергей Степаненко, 16 жаста. Техникалық колледжге мамандық алып, отбасына қаржылай көмектесу үшін түскен

Сергей Степаненко, 16 жаста. Техникалық колледжге мамандық алып, отбасына қаржылай көмектесу үшін түскен

Дарья Чегерест, 16 жаста

Дарья Чегерест, 16 жаста

Виктория Демчук, 17 жаста. Бейсенбі күні ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, сонда көз жұмған

Виктория Демчук, 17 жаста. Бейсенбі күні ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, сонда көз жұмған

Анна Журавлева, 19 жаста

Анна Журавлева, 19 жаста

Роман Карымов, 21 жаста. Рома механик мамандығын оқып, шахмат ойнаған

Роман Карымов, 21 жаста. Рома механик мамандығын оқып, шахмат ойнаған

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Керчьтегі колледжде жан түршігерлік оқиға болған еді.

Онда 18 жастағы жігіт жарылыс ұйымдастырып, артынша өз-өзіне қол жұмсаған.

Студенттің қанды қылмыс жасаған сәтінде колледжде жұмыс істейтін анасы жәбірленушілерге көмектесіп жүріпті, ол қылмыскердің өз ұлы екенін білмеген де екен.

Ал Владислав Росляковтың мұндай әрекетке баруына не себеп болуы мүмкін екенін оның құрбысы мен топтастары айтып берген.

21 адамды өлтірген жігіттің әкесі де оның тұйық болғанын жеткізген.

Жақында қанды қырғыннан қаза тапқан марқұмдардың тізімі жарияланған болатын

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Керчьтегі қырғын: Желіде қаза тапқан марқұмдардың суреттері пайда болды