Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мешітке келген жамағат 37 жыл бойы намазды теріс бағытта оқыған

Опубликовано:

Түркияның солтүстік-батысындағы Ялова процинциясындағы мешіттің Меккеге қараған бағыты дұрыс болмай шыққан. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: islam.ru
Көрнекі фото: islam.ru: UGC

1981 жылы мешітті тұрғызған кезде Құбыла бағытынан 33 градусқа ауытқып кеткен екен. Діни басқарманың ресми өкілдері мешітке келіп тексеру жүргізген.

Жергілікті имам мәселені шешудің жолын тауыпты, ол намаз оқитын жерге дұрыс бағытты көрсететін арнайы жіптерді жабыстырып қойған.

Мешіт имамы Иса Кайяның айтуынша, бұл қателік туралы қажетті тұлғалардың бәріне хабарланған. Жоғарғы лауазымды имам ауылға келіп, мешіт жамағатына намаз оқудағы өзгерістерді түсіндіріп берді. Мешіттің ішкі құрылымы кейінірек өзгертілетін болады. Ол үшін арнайы сәулетші жалданбақ.

Исламның діни қағидалары бойынша намазды барша мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Мекке қаласына қарап оқу керек. Алайда ислам теологтары білместікпен оқылған намаз ережені бұзу болып саналмайды дейді.

Сондықтан 37 жыл бойы мешітте оқылған намаз дұрыс бағытта оқылған намаз болып есептелінеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1758815-mesitke-kelgen-zamagat-37-zyl-bojy-namazdy-teris-bagytta-okygan/

pixel