Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз әнінің авторын білмеген Салтанат Бақаева ұятқа қалды

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын әнінің авторына ақшасын бермей шулатқан Салтанат Бақаева бұл жолы туындысын жазған адамның тегін ұмытып қалған деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Салтанат Бақаева, Сара Тоқтамысова. Фото; Жұлдыздардың желідегі парақшасынан алынды
Салтанат Бақаева, Сара Тоқтамысова. Фото; Жұлдыздардың желідегі парақшасынан алынды: UGC

Өзіне су жаңа туынды жазып берген танымал ақынның тегін есіне түсіре алмаған әнші бұл жолы да ұятқа қалған.

"Сен үшін" деп аталатын су жаңа әнім бар. Әнін Ғазизхан Шекербеков жазған. Ал сөзін Сара Тоқтақұлова. Ммм... Тоқтамысова ма? Фамилиясының дұрысы қалай еді? Қазір... Ақын қыз... Қазір", - деп сасып қалған Бақаева.

Айта кетейік, осы жылдың тамыз айында әншінің репертуарындағы "Әгугәй құрбым" әнін жазған семейлік Назерке есімді бойжеткен өзінің қаламақы алмағанын мәлім еткен болатын.

Осыдан кейін Бақаева ән авторына желіде жауап қайтарды. Ал кейінірек арадағы даудың 50 мың теңге үшін туындағаны анықталды.

Бүгінде үш баланың анасы атанған әнші өзінің күйеуімен Дәрия Жүсіптің арқасында танысқанын да бір сұхбатында атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Салтанат Бақаеваның туындыларын MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758875-z-nini-avtoryn-bilmegen-saltanat-bakaeva-atka-kaldy/

pixel