Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ажал әкелген туфли: "Калифорния аруының" өліміне аяқ киімі себеп болған

Опубликовано:

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында "Калифорния аруын" жаяу жүргінші жолында көлік қағып кетті деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Facebook
Фото: Facebook: UGC

Яна Лаврентьева түнгі сағат 12 шамасында күйеуі және достарымен бірге Лос-Анджелес мейрамханаларының бірінде кешкі ас ішкен.

Мейрамханадан шыққан Яна мен оның құрбылары қарсы бетке өтіп кофе сатып алмақ болыпты.

Facebook
Фото:Facebook: UGC

Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқанда Янаны Toyota 4-Runner көлігі қағып кеткен. Көлік жүргізушісі 30 жастағы қызға көмектеспей, оқиға орнынан ізін суытады.

"Әлі 18 секунд уақыт бар болған. Аяқ астынан болды. Біз түк істей алмай қалдық", - деді оқиғаға куә болған құрбысы Ярослава Маркова.
Facebook
Фото: Facebook: UGC

Ярославаның айтуы бойынша, Яна жолдың ортасына тоқтап, ыңғайсыз аяқ киімін шешпек болған. Ал құрбылары оны күтпей жолдан өтіп кетіпті.

Ауыр жарақат алған Янаны ауруханаға жеткізген, алайда ол сол жерде көз жұмған.

Facebook
Фото:Facebook: UGC
"Біз бақытты отбасы болатынбыз. Уақытымыздың бәрін бірге өткізетінбіз. Әзірге балаларға аналарының қайтыс болғанын айтпаймын... Бұл оларға тым ауыр соққы болады", - деді марқұмның күйеуі.

Қазір полиция бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, Янаның өліміне жауапты тұлғаны іздестіруде.

Facebook
Фото:Facebook: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1758894-azal-kelgen-tufli-kalifornia-aruyny-limine-aak-kiimi-sebep-bolgan/

pixel