RU

Талдықорғанда әйел адам сот алдында өзін шынжырлап тастаған

Талдықорған тұрғыны Алматы қалалық сотының алдында өзін шынжырлап байлап тастады. Әйелдің қолында бензин секілді канистр толы сұйық заты да болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:1news.az
Фото:1news.az: UGC

Әйел адам өзінің отбасын алдап кеткен Жағапаров есімді қорғаушының жазалануын соттан талап еткен.

Елена Мамбаеваның күйеуі Жағапаровпен соттасып жатқаны анықталды. Мамбаев құқық қорғаушыға қарсы сот ісін бастап, оны қалалық сотқа берген.

Анықталғандай, Мамбаев Жағапаровтан шығын келтіргені үшін 120 мың теңге өтеуін талап етіпті.

"Елена Мамбаева іске қатысы жоқ адам бола тұра, күйеуіне қолдау білдіру үшін осындай қолайсыздық тудырды. Оны құқық қорғау қызметкерлері құрықтады", - деп түсіндірді істі сотта.

Айта кетейік, бұл оқиға сот ісіне кері әсер етпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1758901-taldykorganda-jel-adam-sot-aldynda-zin-synzyrlap-tastagan.html