Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі қазақ ақыны Әбдірахман Асылбеков өмірден өтті

Опубликовано:

Халық арасында кеңінен танымал "Желтоқсан желі" әнінің сөзін жазған қазақ ақыны Әбдірахман Асылбеков өмірден өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әбдірахман Асылбеков.Фото: abai.kz
Әбдірахман Асылбеков.Фото: abai.kz: UGC

Бұл қаралы хабарды өнер иелері желіде жазып, қазаға орай марқұмның жақындары мен отбасына қайғыра көңіл білдірді.

Айта кетейік, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет саласының үздігі, “Үздік балалар ақыны” атағының иегері Әбдірахман Асылбеков 81 жасқа қараған шағында өмірден өткен.

Марқұмның қонақ асы бүгін Алматы қаласындағы "Жұлдыз" мейрамханасында сағат 19.00-де болады.

Ал ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 20 қазан күні таңғы 10:00-де Алматыдағы Жазушылар Одағында өтеді.

Әбдірахман Асылбеков 1938 жылдың мамырында Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 

1955 жылы "Бейбітшілік бақшасы", "Жауды аяған жаралы" сияқты шығармалары жарыққа шыққан.

Ал балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарияланып, содан бері 31 жыр кітабы оқырманға жол тартқан.

Ол лирикалық ән мәтіндерін жазумен, сондай-ақ, сатира және аударма жанрларымен де айналысқан. 

Ақын әуені Желтоқсан көтерілісінің екінші күні жазылған "Желтоқсан желі" әнінің өлеңін жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758907-belgili-kazak-akyny-bdirahman-asylbekov-mirden-tti/

pixel