RU
Жұлдызға үйленген Айқын бірінші әйелін жер-көкке сыйғызбай мақтады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жұлдызға үйленген Айқын бірінші әйелін жер-көкке сыйғызбай мақтады (видео)

Рассказать Вконтакте

КешYou тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалиға үйленген Айқын Төлепберген бірінші әйелін жер-көкке сыйғызбай мақтады. Өзінің алғашқы жұбайы туралы ол "Мақпал мекен" бағдарламасына берген сұхбатында айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: baribar.kz

Фото: baribar.kz

Отандық әншінің бұл сұхбаты Instagram әлеуметтік желісінде тарап кетті.

Бірінші жұбайы Әселге шексіз алғыс білдірген Айқын оның өте инабатты әрі ақылды екенін жеткізді. Ол дәл алғашқы әйелі сияқты тәрбиелі ару кез келген жігітке бұйырса, еліміздің көркейіп кететінін де айтты.

"Оның басы қатты істейді. Жұмыс жағынан да. Өзі инженер. Қазір спортпен айналысып жүр, джиу-джитсудан Қазақстанның чемпионы. Дүние жүзіне барып та бірінші орын алып келді. Мен балаларымды Әсел тәрбиелеп, балаларым да сондай мықты болады деп ойлаймын. Сонда да енді, алғашқы махаббатым ғой. 16 жасымыздан кездесіп, көп бірге болдық. Қатты ғашық болдым. Бірақ, өмір өзгеріп жатады, басқа да адамды кездестірдім",- деді Айқын.

Сондай-ақ, әнші "Жұлдыз Айқынның басын айналдырып алды" дейтіндер туралы да айтты. Ол өзінің басы айналып қалатын адам емес екенін, бүкіл шешімді өзі қабылдағанын және бірінші жұбайы әлі кеңес сұрап тұратынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
38
1
3
19
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel