RU
Айқын бірінші әйелінің тұрмысқа шығуына қарсы екенін айтты (видео)

Айқын бірінші әйелінің тұрмысқа шығуына қарсы екенін айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы Айқын бірінші әйелінің тұрмысқа шығуына қарсы екенін айтты. Бұл туралы ол "Мақпал мекен" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Сұхбат видеосынан үзінді Instagram әлеуметтік желісінде тараған.

Бағдарлама жүргізушісі Мақпал Қаратайқызының "Әсел тұрмысқа шығамын десе, не істер едің?" деген сұрағына Айқын бірден "жоқ" деп жауап берді. Алайда, әнші бірінші әйелінің басқа жанұя құруына неліктен қарсы екенін түсіндіре алмады.

"Жоқ. Бір Алла көрсетеді оны. Бірақ, жоқ. Жібермеймін. Әзірге жоқ",- деді Төлепберген.

Бұл жауаптың себебін сұраған журналистке Айқын мардымды жауап бере алмады. Ол басқа сұраққа көшуді сұрап, абдырап қалды.

Сұхбат барысында әнші бұрынғы әйелімен қазіргі ара-қатынасы туралы да ашық айтты.

"Қазір Жұлдызбен тұрып жатырмын, негізі. Бірақ, Әсел - ол менің жүрегімде,ол менің өмірімде, ол менің қасымда. Әрқашанда қолдаушым. Оның кез келген айтылған сөзін жерге тастамаймын. Бірге кәсібіміз де бар. Күніге қасымда, ортақ мәселелеріміз бар, балаларымыз бар. Ол нағыз жолдасым", - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз
46
3
6
8
1
6
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel