RU

Үндістанда пойыз билеп жатқан адамдарды қағып кетті: 60-тан астам адам қайтыс болды

Үндістанның Пенджаб штаты, Амритсар қаласында оқыс оқиға орын алды. Жолаушылар пойызы жергілікті мерекені тойлап жатқан бір топ адамды қағып, салдарынан 50-ден астам адам мерт болған. Ал, 200-ден астамы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Би-Би-Си-дің жергілікті полиция өкілдігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: BBC/RAVINDER SINGH ROBIN
Фото: BBC/RAVINDER SINGH ROBIN: UGC

Белгілі болғандай бұл күні жергілікті халық үнді халқының басты мерекелерінің бірі – Дусшера мейрамын тойлап жатқан көрінеді. Олардың айтуынша, бұл мереке жақсылықтың зұлымдықты жеңген күнімен тұспа тұс келеді екен. Осыған орай, жүздеген адам поезд рельстерінің үстінде жауыздық патшасы Раванның мүсінін өртеу рәсімін тамашалап тұрыпты. Дәл сол уақытта теміржолмен поезд жүріп, қоғамдық көлік бір топ адамды қағып кеткен.

Сонымен бірге, Реван мүсіні отшашуларға толы болғандықтан, халық келіп жеткен поездың дауысын естімей қалғаны белгілі болған. Қазіргі күні, поезд машинісінің көлікті не себепті уақтылы тоқтатпағаны белгісіз болып отыр.

Бүгінде зардап шеккендердің бәрі ауруханаға жеткізілген. Қала билігі зардап шеккендер мен қаза болғандардың саны әлі де артуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1758982-ndistanda-pojyz-bilep-zatkan-adamdardy-kagyp-ketti-60-tan-astam-adam-kajtys-boldy.html