RU
Новости русской службы Би-би-си

Ресейде пиротехника зауытында орын алған алапат жарылыстан төрт адам қаза тапты (видео)

Ресейдің Ленинград облысы Гатчинск ауданы "Авангард" зауытында алапат жарылыс орын алып, төрт адам қаза тапқан деп хабарлайды Би-Би-Си-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: MCHS/TASS
Фото: MCHS/TASS: UGC

Бұған дейін зауытта екі адамның қаза болғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда жергілікті билік өкілдері зауыттан тағы екі адамның өлі денесін тапқан. Қазіргі таңда зауыттың бас инженеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Оған "пиротехникалық бұйымдарға арналған қоспаны даярлайтын цех-аумағына зауытта қызмет етпейтін адамдарды әкелді" деген айып тағылып отыр»", - дейді Ресейдің тергеу комитетінің өкілдері.

Абырой болғанда, жарылыс қызметкерлердің басым бөлігі жұмыстан үйге қайтқан уақытта орын алған екен. Қазіргі таңда зауыт маңындағы жол көлік қозғалысы уақытша тоқталған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1758986-resejde-pirotehnika-zauytynda-oryn-algan-alapat-zarylystan-trt-adam-kaza-tapty-video.html