RU

Белоруссияда бойжеткен Лукашенконың кортежіне жол бермей қойған

Белоруссияның Гродно қаласында бойжеткен ел президенті Александр Лукашенконың кортежіне жол бермей қойған деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды
Скриншот видеодан алынды: UGC

Бейнежазбада жас ару, бағдаршамда жасыл түс жанған кезде, жолды кесіп өткенін анық көруге болады. Алайда ол арнайы дабылмен келе жатқан президент кортежін байқамай қалғанға ұқсайды.

Басылымның мәліметінше, бойжеткен кортеж президентке тиесілі екенін білмей қалуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1758993-belorussiada-bojzetken-lukasenkony-kortezine-zol-bermej-kojgan.html