Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте төсекке таңылып жатқан ер адам өз пәтерінде тірідей жанып кетті (видео)

Опубликовано:

Шымкентте көп қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, төсекке таңылып жатқан ер адам тірідей жанып кеткен деп хабарлайды tvk-uko.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды
Скриншот видеодан алынды: UGC

Көп қабатты үйдегі пәтердің бірінен түтінді байқаған куәгерлер дереу өрт сөндіру қызметін шақырған. Белгілі болғандай пәтерде мүгедек ер адам болған екен. Алайда, үйдің есігі құлыптаулы болғандықтан, көршілер оны аман алып қала алмапты. Марқұм өрттің салдарынан тірідей жанып кеткен.

Ер адамның соңында ересек екі баласы қалған. Олар оқыс оқиғаны естіген бойда, үйлеріне келген екен. Әкесінің өртте тірідей жанып кеткенін естіген қызы, тіпті есінен танып қала жаздаған.

Өрт салдарынан пәтердің бір бөлігі толығымен жанып кеткен. Оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру көлігі жұмыс жасаған. Әзірге тілсіз жаудың не себепті орын алғаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1758995-symkentte-tsekke-taylyp-zatkan-er-adam-z-pterinde-tiridej-zanyp-ketti-video/

pixel