RU

Канелоның промоутері Головкинмен үшінші жекпе-жекте оған қандай талаптар қоятынын айтты

Сауль Альварестің промоутері Fight Hub басылымына GGG-мен үшінші жекпе-жектің талаптары туралы айтып берген деп жазады Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: iz.ru
Фото: iz.ru: UGC

Оскар де ла Хойя үшінші кездесу болған күннің өзінде, ол тек өздерінің талаптарына сай өтетіндігін жеткізген. Промоутер бұл ретте кездесудің қаражаты жайлы сөз еткен көрінеді.

"Егер Головкин үшінші жекпе-жекке шыққысы келсе, біз оған дайынбыз. Егер ол біз айтқан сомаға келіспейтін болса, біз басқа боксшымен жекпе-жекке шығатын боламыз. Әзірге бірақ одан қанша көлемдегі қаражат талап ететінімізді айта алмаймыз. Канело қазіргі жағдайы да жарап тұр", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1759012-kanelony-promouteri-golovkinmen-sinsi-zekpe-zekte-ogan-kandaj-talaptar-koatynyn-ajtty.html