RU

Мәскеуде Атамбаевтың бұрынғы көмекшісі ұсталды

Мәскеуде Алмазбек Атамбаевтың бұрынғы көмекшісі ұсталды. Бүгінде экс-шенеунікті Бішкекке жеткізген деп хабарлайды 24.kg-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 24.kg
Фото: 24.kg: UGC

Мәскеуде Алмазбек Атамбаевтың кеңесшісі қызметін атқарған Икрамжан Илмиянов ұсталды.

Ол жемқорлық жасады деген айыппен халықаралық іздеуде жүрген еді.

Тергеушілер бұған дейін экс-шенеунік 150 мың доллар көлемінде пара алды деп мәлімдеген еді. Айта кетерлігі, Илмияновқа қатысты сот отырысы бұған дейін сырттай өткізіліген болатын. Сот экс-шенеунікке қатысты үкім де шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1759014-mskeude-atambaevty-bryngy-kmeksisi-staldy.html