RU

Еуропадағы елдердің бірі өз атауын өзгертетін болды

Македония Парламенті ел атауын "Солтүстік Македония" деп өзгерту туралы шешімге келді. Ел билігі бұл бастама мемлекетке НАТО мен Еуроодақ құрамына кіруге жол ашады дейді. Бұл туралы РБК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ognen Teofilovski/Reuters
Фото: Ognen Teofilovski/Reuters: UGC

Ұсынысты қараған 120 депутаттың 80-і аталған бастаманы қолдаған көрінеді. Халық қалаулыларының айтуынша, бұл шешім мемлекетке НАТО және Еуроодақ құрамына енуге көмектесетін көрінеді.

Айта кетерлігі, қыркүйек айының соңында Македонияда республиканы Солтүстік Македония деп өзгертуге қатысты референдум өткен еді. Оған сәйкес, дауысқа салған жандардың 91,46%-ы ел атауын өзгертуді құптаған көрінеді.

Елдің премьер-министрі Зоран Заевтың айтуынша, ол мемлекет атауын өзгертуге қарсы емес екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1759018-europadagy-elderdi-biri-z-atauyn-zgertetin-boldy.html